ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ - АСЫЛ ҚАСИЕТ

Аймақтағы әлеуметтік жағынан аз қорғалған халықты қолдау мақсатындағы шара аясында ТЖД бастығының орынбасары, полковник Саид Молдақараев пен Өрт сөндіру және авариялық–құтқару жұмыстары қызметі бастығының міндетін уақытша атқарушы Нұрсұлтан Ибрагимов қала тұрғындары Тәжімбетов және Өксікбаевалардың отбасыларына барып, азық-түлік және қаржылай көмек табыс етті.
Құтқарушылар қолдауын сезінгендер осындай игі дәстүрді ұйымдастырған азаматтарға ризашылық білдіріп, алғысын жеткізді.
Қызылорда облысы ТЖД