БАЛАЛАРҒА ЖАҢАЖЫЛДЫҚ КИІМ ТАҢДАЙЫҚ

Бүлдіршіндерге арналған жаңажылдық костюмдерді дүкендерден, интернет-дүкендерінен тапсырыс беру арқылы алуға болады. Қолыңыздан келсе, өзіңіз-ақ қолдан тігіп беріңіз. Болмаса, арнайы мамандарға тапсырыс беріңіз. Баланың ойымен санасыңыз. Оның Жаңа жылды қандай кейіпкер кейпінде қарсы алғысы келетіндігін сұраңыз.
Мектепке дейінгі жастағы балалар киім кигенде аса талғампаздық танытпайды. Әйткенмен оларға не болса соны кигізе салмауға тырысыңыз. Шамаңыз бен әлеуетіңіз жеткенше балаңыз жаңажылдық мерекеде достарынан қалмай сәнді болып тұруы үшін күш жұмсаңыз.
Оларға көңілді клоунның бейнесі әдемі жарасады. Оны қолдан тігуге де, сатып алуға да болады. Белдемшесін гофрленген қағаздан жасаңыз. Жай ғана ақ футболканы түрлі-түсті түстермен сәндеңіз. Әсіресе домалақ етіп сәндесеңіз болады. Ал қалпақты жай ғана түрлі-түсті қағаздан жасай салыңыз. Сөйтіңіз де, бетіне гримм жасаңыз.
Ертегілер мен аңыз кейіпкерлері – балалар үшін жаңажылдық костюмдердің таптырмас нұсқасы. Жалмауыз кемпірдің киімі мен қарақшының киімі де жаңажылдық кештерде балаға жақсы көңіл-күй сыйлайды.