ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – КӨПКЕ ОРТАҚ МІНДЕТ
Сыбайлас жемқорлық көріністері мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын тоқыратады, адал бәсекелестікті тежеп, инвестиция ағынын шектейді.
Осыған орай қабылданған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы ең пәрменді заңдардың бірі болып табылады. Бұл заң жоғары маңызға ие болып, мемлекеттік қызметшінің күнделікті пайдаланатын оқу құралына айналып отыр. Заңның ең басты құндылығы, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптен сақтауға, сондай-ақ жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықтың алдын алу, анықтау, тыю және ашу жолында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.
Сыбайлас жемқорлық сияқты ауыр қатерді тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күш-жігерімен ғана емес, азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп жеңуге болады. Және де, бұл қылмыспен тек қана құқық қорғау органдары емес, қоғамымыздың өркениетті дамуына кері әсерін тигізетін мәселе ретінде қарап,басқа да қоғамның белсенді мүшелері ашық күрес жүргізіп, осы қылмыстың алдын-алуда түрлі шаралар жүргізіп жатқандығы белгілі.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мемлекеттің алдағы жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын көрсетеді және сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын, оны тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға, оның деңгейін қысқартуға ықпал ететін кешенді шараларды қамтиды.
Осыған байланысты, Стратегияны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлық сипаттағы іс-әрекеттердің алдын алу және оларға жол бермеу мәселелеріне ерекше көңіл аударылады. Осы бағыттағы жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар қолға алынған.
Департаментте азаматтарды қабылдау кестесі бекітіліп, қолжетімді жерде ілінді және комитеттің (www.kremzk.gov.kz) сайтында орналастырылды.
Сонымен қатар, департамент қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың хаттары мен жүгінімдеріне арналған жәшік орнатылып, «Сенім телефоны» (26-22-93) жұмыс жасайды.
Департаментте жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау және оларды қабылдауға алдын ала тіркеуүшін қажетті жағдай жасалған.
Биыл департамент басшысы және орынбасарларының қабылдауында 5 жеке тұлға болып, мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді,
Сондай-ақ, жыл ішінде 46 жеке және заңды тұлғаның жүгінімдері қаралды. Сонымен бірге, облыс тұрғындарынан түскен мәселелерге орай департамент басшылығы «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында 3 қоғамдық қабылдау өткізілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрлігі Табиғи монополияларды реттеу,
бәсекелестікті және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті