БАЙЫРҒЫ БІЛІМ ОРДАСЫ
ҚР Тұңғыш Президенті күні аясындағы шаралар шеңберінде облыс орталығындағы №120 Жамбыл орта мектебінде ауқымды шара өтті.
Елбасының «Туған жерге тағзым» бағдарламасы аясындағы шараға байырғы білім ордасын әр жылдары бітірген түлектер қатысты.
Шараны мектеп директоры Қ.Оразбеков ашып, білім ошағына биыл 80 толып отырғанын атап өтті.
–Мектеп мерейтойына байланысты шаралар легін бүгін бастауымыздың мәні бар. Тәуелсіз мемлекетіміздің бастауында тұрған Елбасы білім саласын дамытуға барынша қолдау танытып, бұл бағытта бірқатар бағдарламалар қабылданды. Осының арқасында мектеп оқушылары мен жастарымыздың сапалы білім, саналы тәрбие алуына жағдай жасалып жатыр. Ертең-ақ ел тұтқасын ұстайтын бүгінгі балалар Елбасының осы ерен еңбегі жайлы білуі тиіс, – деді мектеп басшысы.
Биыл ашылғанына сексен жыл толып отырған білім ордасының әр жылдардағы түлектері арасында түрлі салада жетістікке жеткен танымал тұлғалар аз емес.
Шара аясында мектеп оқушыларының қатысуымен концерттік нөмір қойылып, патриоттық әндер шырқалды.
Берік БАЙНИЯЗОВ,
№120 Жамбыл орта мектебі
директорының орынбасары