ЖОҒАРҒЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СОТ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ АРТТЫРДЫ
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйымдастыруымен «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасында «Атамекен» ҰКП директорының орынбасары Ғ.Едігеевтің, жергілікті кәсіпкерлердің, баспасөз өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.
Брифингті Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары Н.Еламанов, М.Сәрсенов, З.Жарылқасынова жүргізді.
Брифингте судья Н.Еламанов Қызылорда облыстық соты мен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы арасында биыл қол қойылған меморандумға тоқталды.
Судья М.Сәрсенов соттарда ақпараттық технологияларды қолдану, сот ісін жүргізуді жеңілдету, қолжетімділігін жоғарылату, сот төрелігінің ашықтығы мен айқындығын кеңейту бағытындағы бастамаларға тоқталды. Бүгінде соттардың азаматтармен жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында сот органдарының интернет-ресурсында «Сот кабинеті» сервисі қолданылуда. Бұл қолданушыларға сотқа электронды түрде сенімхат жолдау мүмкіндігін береді.
Судья З.Жарылқасынова бүгінгі таңдағы медиация заңының сот тәжірибесінде қолданылу жағдайы, оның тиімділігі мен маңыздылығын атап өтті.
Брифинг соңында, судьялар БАҚ өкілдері мен кәсіпкерлердің қойған сұрақтарына жауап берді.