ТИМУР ҚҰЛЫБАЕВ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫ БАСҚАРУ ТЕТІКТЕРІН АТАДЫ
«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа отырысында оқшаулауды ұлғайту мен импорт алмастыруға кедергі келтіретін тұстар жайында мәселе қозғалды
«Атамекен» ҚР ҰКП төрағасы Тимур Құлыбаев аталған мәселені талқыға салу барысында ресейлік тәжірибе жайлы айтып өтті.
–Осыдан 20 жыл бұлын астықты біз Ресейге жеткізетінбіз. Қазіргі таңдағы жағдай мүлдем бөлек. Олардың енді экспорттық әлеуеті біздің елде өсірілетін астық көлемінен ауқымды. Қантты жеткізетінбіз, алайда енді ресейлік сұраныс еліміздің нарық тұтынушылық көрсеткішінен асып түседі. Белгілі бір азық-түлік тізімі бойынша өз-өзімізді қамти алмаудамыз. Мұның барлығы инфляцияға әсерін тигізуде.
Инфляциямен күресу кейпін танытамыз. Бірақ қандай құралдармен? Алдын ала сатып алынған тауар топтары бітпейінше біз бағаны ұстап тұра аламыз. Алайда, бағаның негізгі бөлігін нарық анықтайды.Валютаға бірінші кезекте қажет тауарларды аламыз. Мұндай жағдайда ешқандай несие-қаражат саясаты, ақша жиын сынды құралдар жұмыс жасамайды. Ішкі нарықты толық қамтамасыз етпегенше, біз өз экономикалық саясатымызды басқара алмаймыз, - деді Ұлттық палата басшысы.
Мысал ретінде Тимур Құлыбаев экономиканың негізіне әсер етпейтін машина жасау саласын кетірді.
–Бізде негізгі екі құрастырушы бар. Бұл санды бірге қысқарту қажет. 2016-2017 жылдары 56 мың автокөлік сатылды. Өнеркәсіпті толығымен оқшаулау үшін 100 мың автокөлік шығару керек. Резеңке, шыны, пластмасса сынды барлық қажеттіліктерді қамтамасыз ететін өнеркәсіптер болуы тиіс. Экономикаға әсерін беретін жұмыс жасау керек. Ауыл шаруашылық құрал-жабдықтарын өндіру саласында жағдайды реттеп, қызмет көрсетуді алға қою қажет. Осы арқылы ауыл тұрғындарына көмек көрсетер едік. Отандық өндірушілерді қолдайық. Бұған байланысты сараптамалар мен есептер бар, көп жоба болмайды. Тек 20-40 көлемінде. Бұл мәселелер Үкімет деңгейінде шешіледі, - деді Тимур Құлыбаев.
Төраға Шығыс Қазақстанда орнаған жағдай жайында сөз қозғады. Осы облыс әкімі Даниал Ахметов тұрғын үй қаржыландыруын екінші деңгейлі банктерге беруді ұсынды. Ұлттық палата басшысы арзан ипотеканы қажетсінетін халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдайтындығын мәлімдеді.
«Атамекеннің» басшысы әртүрлі тұрғын үй қорларына жөнелтілетін қаражатты ипотеканың пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялауға бағыттау керектігіне сенімді.
www.atameken.kz