ҚЫЗЫЛОРДАДА «ИНВА БАЗА» ҚОЛЖЕТІМДІ ҚЫЗМЕТ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бірыңғай бағдарламалық жадынама алғаш болып Сырдария ауданында қолданысқа еніп отыр, деп хабарлайды 24.kz.
Ауданда 500-ден астам мүмкіндігі шектеулі азамат есепке тіркелген. Олар мемлекет тарапынан көрсетілетін тегін әлеуметтік қызмет түрлерін алуға құқылы. Бірақ жыл басындағы прокурорлық тексеріс нәтижесінде бұл көмектен құр қалған тұрғындардың бар екені анықталды. Басты себеп қамкөңіл жандардың көбісі жеке оңалту бағдарламасына сай, өзіне тиесілі қызметтерден бейхабар. Енді бұдан былай жарымжан кісілер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік жобалар бөлімінің табалдырығын тоздырмайды. Смартфон арқылы «Инва база» ақпараттық жүйесіне қосылып, атаулы көмек түрлерін ала алады.
- Бұл өте тиімді деп есептеймін. Мен өзім бізге не тиесілі екенін білмейтін тұғынмын. Менің мүгедек балам бар. Енді үйде отырып интернет арқылы білуге болады. Бұл біз үшін үлкен жеңілдік, – дейді аудан тұрғыны Шолпан Ақбергенова.
Аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Бақытжан Сауытбаев та бұл жаңалық мүмкіндігі шектеулі жандар үшін үлкен қолдау екендігін атап өтті.
24.kz