ЕРЛІК БІЛЕКТЕ ЕМЕС, ЖҮРЕКТЕ
Облыстық ішкі саясат басқармасының бастамасымен «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ерлік - елдің қасиеті, Жігерлік - жігіттің қасиеті» атты әскери патриоттық эстафеталық жарысы өткізілді. Жарыс «Жастарға патриоттық тәрбие беру және азаматтық белсенділігін арттыруға жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында әскерге шақырылған жастар арасында ұйымдастырылған болатын.
Әскери жарыстың мақсаты ҚР Тәуелсіздігі күнін атап өту және жасөспірімдерді достыққа, спортқа баулу, патриоттық сезімге, отансүйгіштікке, батылдыққа, епшілдікке, ел қорғайтын батырлыққа тәрбиелеу.
Спорттық жарыс әскери патриоттық эстафеталық 6 спорт түрін қамтиды. Белтемірге тартылу, граната лақтыру, АК-74ті жартылай шашу, жинау, плащ (жамылғы) түріндегі жалпы әскери қорғаныс кешенді кию, пневматикалық мылтықтан ату, 100 метрге жүгіру.
Жарыс қорытындысымен І орын Н.Пірназаровқа бұйырды. ІІ орынды А.Мергенбаев алса, Д.Сейілов ІІІ орынға табан тіреді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы төс белгі, кубокпен және Алғыс хатпен марапатталды.