СОЛТҮСТІК КОРЕЯ БИЛІГІ: АМЕРИКАҒА ЖОЙҚЫН СОҚҚЫ ЖАСАЙМЫЗ

— Өздерінің басым күшін бізге қол созым жерге әкелген америкалықтар алжи бастаған сияқты. Біз оған күтпеген жерден және ең жойқын соққы жасау арқылы жауап береміз. АҚШ оның қалай болғанын аңдап үлгірместен тырапай асады, — делінген хабарламада.
Бұл мәлімдеме АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери жаттығуына байланысты шығып отыр. Жаттығуға АҚШ-тың алдыңғы қатарлы әскери құралдары да қатысуда. Солардың қатарында атақты Ronald Reagan (CVN-76 ) ұшақтасығышы бар. Солтүстіккореялықтар осы ұшақтасығышты меңзеп отыр.