NASA: ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ ШЕКАРАСЫНА ЕКІ МЕТЕОРИТ ҚҰЛАУЫ МҮМКІН
Америкалық ғалымдар метеорит бүгін, яғни 16-нан 17 қазанға қараған түні құлауы мүмкін екенін айтады.
Бұл туралы tvzvezda.ru басылымы NASA агенттігіне сілтеме жасай отырып жазды, деп хабарлайды https://kaz.caravan.kz/.
NASA ғарыш агенттігі ғалымдарының болжамынша, 16-нан 17 қазанға қараған түні Қазақстан мен Ресей шекарасына екі метеорит құлауы мүмкін. Екеуінің де көлемі шағын және елді мекеннен қашық жерге құлайды.
MS26-45 метеориті 16 қазанда Жердің гравитациялық өрісіне жетеді. Егер ол атмосфераның жоғарғы қабаттарында жанып кетпесе, онда Ресей аумағына құлайды. Оның қалдығы Қазақстанға да түсуі мүмкін.
Ресейлік мамандар әзірге бұл ақпаратты растаған жоқ.