ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДІ НАСИХАТТАЙТЫН АҚПАРАТТЫҚ ТОП ҚҰРЫЛДЫ

Жиын барысында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айдын Бөкенбайұлы еліміз үшін мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесінің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар латын әліпбиіне көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатыны жайлы және оның қарапайым халық үшін еш қиындық туғызбайтындығын, әліпбиді оқыту жолында барлық жағдай жасалатындығын баяндады.
Айта кетейік, 18 қыркүйектен бастап аталған облыстық ақпараттық-насихаттық топтың мүшелері барлық аудандарында жергілікті халықпен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізетін болады.
