РУХАНИ ЖАҢҒЫРТУ МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМУЫНА ЖЕТЕЛЕЙТІН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ
Қызылорда облыстық телекоммуникация дирекциясында Қазақстан халқы ассамблеясының ақпараттық-насихаттық тобы мен филиал ұжымының кездесуі өтті.
Кездесу мақсаты - Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлт-жоспары-100 нақты қадам", "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" атты жолдауларының мәселелерін талқылау және этносаралық татулық пен қоғамдық келісім негізгі қағидаларын насихаттау.
Қызылорда ОТД қаржы директоры Ф.Сүлейменованың айтуынша "Қазақстан әрқашан жүзден аса ұлт өкілдері тұратын бірлігі жарасқан ел болды және солай болады. Әр қалада, ұжымда түрлі ұлт пен этнос өкілдері бізбен бірге жұмыс жасауда. Тек біздің дирекцияда 10 ұлт өкілдері ортақ үйіміз - Қазақстанның игілігі үшін қоян-қолтық еңбек етуде".
Кездесу қатысушыларын "Қоғамдық келісім" ҚММ директорының орынбасары Асылбек Жұмабаев қарсы алды. Өз баяндауында ол қазақстанның тәуелсіз мемлекет болуындағы маңызды кезеңдері, Қазақстанның жетістіктері, еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді, сонымен қатар спикер қоғамдағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің сақталуына Елбасымыздың еңбегі зор екенін ерекшелеп өтті.
"Қазақтелеком" АҚ қоғаммен байланыс қызметі