АЛҒАШҚЫ МҮГЕДЕКТІККЕ ШЫҒУДЫҢ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕДІ
Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерімен 2017 жылдың 8 айында еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу мемлекеттік қызметі 8095 адамға көрсетілді. Бұл туралы еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Лиман Боранбаева мәлімдеді.
Аталған департаменттің мәліметіне сәйкес осы жылдың 8 айында алғашқы мүгедектікке шығудың көрсеткіші төмендеген. Осыған сәйкес, алғашқы мүгедектікке шығу интенсивтік көрсеткіші 10 мың халыққа шаққанда 21,4-ден 20,8 оқиғаға дейін азайып отыр.
- Алғашқы рет мүгедек болып танылған 1122 ересек адамдар ішінде 87,6% (983 адам) жұмысқа жарамды жастағы, ал 12,4% (139 адам) зейнеткерлер құрайды. Мүгедектер тобы арасында екінші топтағы мүгедектер–44,9% басым және 39,7 % үшінші топпен, ал қалғаны–15,4 % бірінші топтағы мүгедектер құрайды, - дейді Лиман Боранбаева.
Айта кетейік, балалар арасында алғашқы мүгедектікке шығудың негізгі себептері: бірінші орында туа біткен кемістіктер аурулары, екінші орында нерв жүйесінің аурулары, үшінші орында сүйек буын жүйесінің аурулары, төртінші орында жүйке жүйесінің бұзылуынан шыққандар құрайды.
Комментарии 1