СЫР СПОРТЫНДАҒЫ СЕРПІЛІС

- Жылдың басты жетістігі ол – мәнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаеваның VІІІ қысқы Азия ойындарында қола медальді иеленуі болды. Сонымен қатар, әуір айында Ташкент қаласында шахматтан өткен Азия чемпионатында Әсел Серікбай 3 дүркін Азия чемпионы атанса, мамыр айында Яссыда оқушылар арасында Әсел 2 дүркін Әлем чемпионы атанып, еліміздің абыройын асқақтатты. Ал Назерке Нұрғали күміс жүлдені иеленген. Мамыр және қыркүйек айларында Ташкентте және Гамбургте бокстан өткен Азия, Әлем чемпионаттарында Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) күміс жүлделерді иеленді, - дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов.
Сыр спортшыларының жетістіктері мұнымен тоқтап қалған жоқ. Жақында ғана Тайбэйде (ҚХР) өткен Бүкіләлемдік жазғы Универсиада ойындарында ауыр атлетикадан Рүстем Сыбай (94 келі) күміс жүлдені иеленсе, Астанада грэпплингтен өткен Азия чемпионатында Руслан Мұстафа (71 келі) Азия чемпионы атанса, Диана Садвакасова (71 келі) грэпплинг ги және грэпплинг ноу-ги бойынша күміс жүлделерді иеленді.