ТЕАТРДЫҢ ЖАҢА МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

Ерсайын Төлеубайдың «Абай» пьесасы бойынша қойылған спектакль өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, тіліміз бен дінімізді берік ұстауға тәрбиелейді. Абай Құнанбаевтың өмірінен сыр шертетін трагедиялық спектакль көрерменнің зор қошеметіне ие болды. Спектакль соңында театрдың көркемдік жетекшісі, режиссер Хұсейн Әмір-Темір жаңа маусымның ашылуымен Сыр елінің өнер сүйер қауымын құттықтап, алғысын білдірді.
Ертең 16 қыркүйек күні сағат 11.00-де балаларға М. Ахмановтың «Наурыз думан» спектаклі ұсынылады. Балаларға арналған қызыққа толы қойылымды көруге асығыңыздар! Билет бағасы үлкендерге 500, студенттерге 400, оқушыларға 300 теңге. Касса: 27-28-93.