АЙМАҚТА СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ 26,5 ПАЙЫЗҒА ӨСКЕН
Қызылордада ауылдық денешынықтыру қозғалысын дамыту мақсатында ауыл спортшыларының VI облыстық «Ақ бидай» спорт ойындары өтті.
Бұл сынға облыстың аудандарынан 7 команданың намысын қорғаған 1000-ға жуық спортшылар спорттың 8 түрінен қатысты.
Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында өтіп жатқан республикалық «Ақ бидай» спорт ойындарына облыстың құрама командасы спорттың 14 түрінен (шағын-футбол, волейбол, президенттік көпсайыс, тоғызқұмалақ, қол күрес, гір көтеру, қазақ күресі, асық ату, бәйге, аламан бәйге, теңге ілу, жамбы ату, көкпар, аударыспақ) қатысуда.
Сондай-ақ, ҚР Спорт күніне бұқаралық велошеру өтсе, Конституция күніне 3200 қала тұрғындарының қатысуымен марафон өткізілді.
Жалпы, осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 26,5 пайызға көтеріліп, 203 594 адамға жетіп отыр.