ЛАТЫН ӘРІПІНЕ КӨШУДІ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ҚОЛДАЙДЫ
"Нұр Отан" партиясы Жаңақорған аудандық депутаттық фракциясының латын әріпіне көшуді қолдайтындарын жеткізетін жиын болып өтті.
Жиын барысында фракция жетекшісі Зағипа Әбжалелова "Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек», – деп Елбасы сөзін атап өтті.
Латын әліпбиіне көшу туралы мәселе тәуелсіздік алған жылдардан бермен қарай көтеріліп келеді. 2006 жылы Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек», — деген еді. «Қазақстан-2050» стратегиясында латын тіліне 2025 жылы толық көшетініміз туралы кесімді сөз айтылды. Сондықтан жиынға қатысқан партия атынан сайланған депутаттар бір ауыздан латын әліпбиіне көшуді қолдайтындықтарын жеткізді.