АЛИМЕНТТЕР. ТӨЛЕМЕУГЕ ҚАРСЫ 30 ҚАДАМ!
2016 жылы Бас прокуратура мүдделі мемлекеттік органдармен бірігіп, «Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасын әзірлеген болатын. Оның мақсаты – балалардың пайдасына алименттерді өндірудің тиімді жүйесін құру болып табылады.
Осы бағытта Қызылорда облысы Әділет департаменті мен Қызылорда облысының прокуратурасы және Қызылорда облысының жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы бірлесіп, алимент өндіру жөніндегі атқару өндірістері бойынша сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында акция ұйымдастырып отыр. Осы ретте бүгін қаланың басты-басты жерлерімен автошеру өтті. Автошеруде қала тұрғындарына үнпарақтар (брашуралар) таратылып, «Алимент төле борышкер!» тақырыбында жалаулармен қаланы айналып өтті.
Бүгінгі күні Қызылорда облысы бойынша 8 338 алимент өндіру санатындағы атқарушылық өндірістер орындауда, 1 603 атқарушылық өндірісі аяқталып отыр.
Департамент борышкерлерден алимент төлемін өндіру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарды. Нәтижесінде, алимент төлеуден жалтарып жүрген 155 борышкер Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар, облыс бойынша борышкерлердің жүргізу куәлігін тоқтату туралы ұсыныс енгізу жұмысы қарқынды жүргізіліп келеді. Тек 2017 жылдың өткен кезеңінде департаментпен 66 борышкердің жүргізу куәлігін тоқтату туралы ұсыныс енгізіліп, бүгінгі таңда оның 45 қанағаттандырылған.
Комментарии 1