ОТБАСЫЛЫҚ ОҚУ – ҰРПАҚТАРДЫҢ РУХАНИ БАЙЛАНЫСЫ
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында отбасы мүшелеріне жанұялық оқу мәдениеті – білімді кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Отбасылық оқу – ұрпақтардың рухани байланысы» атты отбасы оқулары іс – шара ұйымдастырылды.
Кітап білімнің қайнар көзі. Кітапқа деген сүйіспеншілік, кітап оқу әдеті, кітап оқудан алатын қанағаттанушылық және кітапсыз өмір сүре алмауға баулу – нағыз «отбасылық дүние» екенін кітапхананың белсенді оқитын Омаровтар, Нұрмаштың, Тұрсынбектың отбасылары дәлелдеді.
Шара барысында викториналық сұрақтар қойылып, жаңа әдебиеттерге шолу жасалды. Соңында отбасылар ата-әжемен бірге оқыған ертегілер, аңыздар баланың сөйлеу мәдениетін дамыта отырып, ой-өрісі кеңейетіндігі, кітап оқу кезінде баламен жақын сөйлесіп, оған өмір бойы азық болатын рухани өшпесіз із қалдыратындығы жөнінде әңгімеледі.