МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША ПАРТИЯЛЫҚ ТЫҢДАУ ӨТТІ
«Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының орындалуы бойынша мемлекеттік мекеме басшыларының партиялық тыңдауын өткізді.
Шараға Жаңақорған аудандық білім, кәсіпкерлік және туризм, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары қатысып, бағдарламаны жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстарды баяндады.
«Нұр Отан» партиясы өзінің Сайлауалды бағдарламасында жаппай жұмыссыздықтың алдын алуды жаһандық дағдарысқа қарсы тұрудағы шешуші шаралардың бірі деп санайды. Елбасымыздың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа арнаған биылғы Жолдауының басым бағыттарының бірі – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту екенін атап өтті отырысты ашқан аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында ауданда атқарыған жұмыстар төңірегінде аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ақылбек Жәнібеков баяндады.
Жыл басынан ауданда 10 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 73 жұмыс беруші 167 бос жұмыс орындары ұсынды. Оларда 167 азаматқа жолдама берілді.Нысаналы топтағы 53 азаматтың 60 пайызы яғни, 33 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Олардың 18 мүмкіндігі шектелуі азаматтар болса,15 жазасын өтеп келгендер», деп атап өтті бөлім басшысы Ақылбек Жәнібеков.
Партиялық тыңдау барысында аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, кәсібін ашқысы келетіндер, сондай-ақ кәсібін кеңейткісі келетін кәсіпкерлерге арнайы оқу курстарына қатысуды атап өтіп, жұмыспен қамту жәрмеңкесінің өз дәрежесінде өтуін қадағалауды және өткізілетін жәрмекелердің алдын-ала бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын тапсырды. Сондай-ақ аудандық жұмыспен қамту бөлімінің атқаратын жұмыстарына сәттілік тілеп, мемелекеттік бағдарламалардың орындалуы партияның қатаң бақылауында екенін назарға салды.