АНТ ӨКІЛДЕРІ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бас оқу ғимаратында жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ақпараттық-насихаттық топ студент жастармен кездесті. Кездесуге облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, топ жетекшісі – Еркебұлан Меңлібаев, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Жасұлан Алдабергенов, облыстық ішкі саясат басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығы директорының орынбасары – Маралбек Мусаев, Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция майоры – Артур Мұсаев, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті тәрбие жұмыстары және жастар саясаты басқармасының бастығы – Жандос Базартай қатысты.
Шарада жастарға мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері, Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласының мән-мазмұны, жаман әдеттерден тыйылу сынды маңызды насихаттар айтылды.