ҰЛТТЫҚ МҰРАҒАТ ҚОРЫНА ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖОҒАРЫ
Байқоңыр қалалық архивінде Қызылорда қалалық архивінің басшысы Жұлдыз Байғараеваның жүргізуімен шеберлік сабағы өткізілді.
Іс шараға Байқоңыр қалалық архивінің толықтыру көзі тізіміне енген мекеме қызметкерлері мен білім бөліміне қарасты мекеме қызметкерлері және архив қызметкерлері қатысты.
Шараның мақсаты – Ведомстволық архивтермен жұмысты ұйымдастыру, ведомстволық архив қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету мен кеңестер беру болып табылады.
Шеберлік сабағында сөз алған Қызылорда қалалық архивінің басшысы Ж.Байғараева ведомстволық архивтермен жұмыстарды ұйымдастыруда құжаттама жасау мен құжаттаманы басқару мен құжаттарды сақтау тәртіптеріне тоқталды.
Сонымен қатар Байқоңыр қалалық архивінің басшысы тарапынан ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 509- бабына сәйкес Ұлттық архив қорының құжаттарын жою , жеке құрам бойынша құжаттарды уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органның шешімінсіз жою лауазымды адамдарға айыппұл салуға әкеп соғатындығы жөнінде баяндалды.
Шара барысында жиынға қатысушылар тарапынан жұмыс барысында туындайтын сұрақтары қойылып, ол бойынша жауаптар беріліп, қызу пікір алмасу жүргізілді.
Архив басшылары қатысушыларды ведомстволық архив жұмыстарын одан әрі жетілдіруге,Ұлттық архив қорын құжаттармен толықтыруда бірлесе сапалы жұмыс жасауға шақырды.