ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ - ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАСТАМАСЫ

Технологияның дамыған заманында латын тілін білу бүгінгі күннің қажеттіліктерінің біріне айналып отыр. Себебі, сол технологияларды игеру үшін латын әліпбиін білген абзалырақ. Мен Елбасымыздың бұл бастамасын толықтай қолдаймын. Әрі бұл бастама еліміз үшін тиімді екеніне сенімдімін. Қазіргі уақытта күріш экспортының көпшілігі алыс және жақын шетел мемлекеттеріне шығарылады. Күріш экспорты жоғары қарқынмен дамуда. Латын әліпбиіне ауысу арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауда еліміздің әлемдік бәсекеге қабілеттілігі артады. Сондай-ақ, латын әліпбиіне ауысу – қазақ халқының алға жылжуына, заман талабына сай өркендеуіне, келешекте еліміздің жан-жақты дамуына үлес қосып, жемісті және жеңісті болары анық.
Гүлсім Дәрібаева,
«Нұр Отан» партиясы «Авангард»
бастауыш партия ұйымының белсендісі