«САУДА ҮЗДІГІ» БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
«Атамекен» ҰКП Қазақстанның сауда кәсіпорындары Қауымдастығымен бірге Қазақстанның сауда кәсіпорындарына арналған дәстүрлі республикалық «Сауда Үздігі» байқауына құжат қабылдауды бастады. Шараны ұйымдастыруға қолдау көрсетушілер ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар.
«Сауда үздігі-2015» байқауының мақсаты кәсіпкерлердің кәсіби қызметіне жоғарғы баға берумен қатар Қазақстанның сауда кәсіпорындарының үздік басшыларын анықтау, сервис деңгейін және қызмет көрсету сапасын көтеру, еліміздегі сауда саласына заманауи формаларды енгізу болып табылады.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілетін болады:
- Үздік бөлшек сауда кәсіпорны;
- Үздік көтерме сауда кәсіпорны;
- Үздік сауда базары;
- Үздік сауда-ойын сауық орталығы, кешені, сауда үйі;
- Үздік жол бойы сервисі және демалыс аймағы;
- Жылдың ең үздік басшысы;
- Үздік шетелдік компания.
«Сауда Үздігі - 2017» республикалық байқауы биыл 5-6 қазан аралығында Атырау қаласында өткізіледі деп жоспарлануда.
Қатысуға ниет білдіруші азаматтар тиісті құжаттарды 20 қыркүйекке дейін g.tanatova@palata.kz электронды поштасына жолдаулары қажет. Байқау талаптары туралы жауапты маман – Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлдана Таңатоваға хабарласуларыңызды сұраймыз.
Байланыс телефондары: 8(7242) 40-09-81 (вн.4311), 8 701-478-12-59.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі