СҰЛТАН ӘБЕНОВ АТЫНДАҒЫ ЖҮЛДЕ «ҚАЙСАРҒА» БҰЙЫРДЫ
8-13 қыркүйек аралығында Қызылорда қаласының «Локомотив» стадионында Сыр футболының түлегі Сұлтан Әбеновтың жүлдесі үшін футболдан 2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.
Биыл екінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 8 команда қатысты.
Турнир нәтижесінде «Қайсар» футбол орталығы бірінші орынды иеленді. Олар финалда Шымкент қаласының командасын 2:0 есебімен ұтты.
Екінші орынды - Шымкент, үшінші орынды - Талдықорған қалаларының командалары иеленді.
«Үздік қорғаушы» - Санжар Шалқарбек (Шымкент қ.),
«Үздік жартылай қорғаушы» - Ұлан Ахметқалиев (Талдықорған қ.),
«Үздік шабуылшы» - Әнуар Төлепберген (Қызылорда қ.),
«Үздік қақпашы» - Александр Ли (Алматы қ.),
«Үздік ойыншы» - Данияр Назар (Қызылорда қ.),
«Жеңіске деген жігері үшін» - Алматы қаласының командасы,
«Белсенді қатысқаны үшін» - №6 ОФЖОРМБЖМ (Қызылорда) және Алматы қаласының командалары марапатталды.
Жеңімпаз және жүлдегер командалар медаль, кубок, дипломдармен марапатталса, номинация иегерлері мен жарысқа белсенді қатысқан командаларға диплом, естелік сыйлықтар табысталды.
Спортшыларды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов, облыстық футбол федерациясының вице-президенті Әмірбек Шаймағамбетов, атқарушы директоры Асқар Сереков және футбол ардагерлері марапаттады.