ТҰТЫНУШЫЛАРҒА 587,8 МЛН.ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ҚАРЖЫ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 7-2) тармақшасы табиғи монополия субъектілерін тарифтiк сметаны орындауға міндеттейді. Алайда, субъектілермен Заңның бұл нормалары әрдайым сақталмайды және тарифтік сметаның орындалуыбекітілген тарифтік сметамен анықталғаншығындар баптарына сәйкесжүргізілмейді.
Осыған орай, уәкілетті орган табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға келтірген залалдарды өтеу үшін уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдауға міндетті.
Осылайша, ТМС-нің 2016 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметаларының орындалуына жүргізілген талдау нәтижесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарынқорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен 15 субъекті бойынша 24 уақытша өтемдік тарифтері қолданыстағы тарифтерден 0,3 пайыздан 45,9 пайызға дейін төмендетіліп енгізілді, қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып тұтынушыларға қайтару сомасы 587,8 млн.теңгені құрады, оның ішінде реттелетін салалар бойынша:
сумен жабдықтау – 301,9 млн.теңге;
суды бұру – 214,2 млн.теңге;
электр энергетикасы – 61,9 млн.теңге;
жылу энергетикасы – 4,1 млн.теңге;
кірме жолдар – 5,7 млн.теңге.
Мысалы, Қызылорда қаласы бойынша осы жылдың 1-ші тамызынан бастап базалық субъект - «Қызылорда су жүйесі» МКК-ның халық үшін орташа босату тарифтері бекітілген тарифпен салыстырғанда сумен жабдықтау қызметі бойынша 1,5%-ға және сарқынды суды бұру қызметі бойынша 6,9%-ға төмендетілді.
«ҚЭТТК» АҚ-ның электр энергиясын беру және бөлу қызметіне2017 жылғы 1 тамызынанбастап уақытша өтемдік тариф 1 кВт.сағатқа ҚҚС-сыз 4,806 теңге мөлшерінде немесе қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 1,8 пайызға төмендетіліп енгізіледі.
Кірме жолдар саласында 18 субъекті қызмет көрсетеді. Өткізілген талдау нәтежесінде 5 субъектіге бекітілген тарифтен 5,9%-дан 33,6%-ға дейін төмендетіліп уақытша өтемдік тарифтер енгізілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті