ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША КЕҢЕС АЛДЫ
Қазалы ауданының орталығында жастарға арналған әлеуметтік, құқықтық және мемлекеттік бағдарламалар бойынша аудан тұрғындарына кеңес беру акциясы өтті.
Акция аясында сала мамандары «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы», «Дипломмен ауылға», «Қолжетімді баспана - 2020», "Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021" бағдарламаларын түсіндіріп, үнпарақтар таратты.
Кеңес беру шарасына 200-ге жуық аудан тұрғындары қатысты. Олардың көбі мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі, несие алудың шарттары туралы мамандардан кеңес алды.