ЖАСТАР ЕРКІН ПІКІР АЛАҢЫНДА БАС ҚОСТЫ
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" КММ ұйымдастыруымен М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің жатақханасында студент жастармен кездесу өтті.
Еркін кездесуде жастар пікір алмасып, орталық қызметкерлері А.Шуменова және Ж.Кенжебаев, Жас Отан ЖҚ Қызылорда қалалық филиалының бөлімше басшысы Талғат Тілес өңіріміздегі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстармен таныстырды.
Сондай-ақ жастар ресурстық орталығының жастарға арналған мүмкіндіктерімен таныстырып, орталыққа шақырды.