ЖАҢАҚОРҒАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫНДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
Жаңақорған кенті Сығанақ көшесінде орналасқан С.Сапарбеков атындағы №125 орта мектебінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Оқу-жаттығудың мақсаты - білім нысандарында орын алған өрт немесе төтенше жағдайлар кезінде құтқару жасақтарының жедел төтенше жағдайдың алдын алу, білім нысандары қызметкерлеріне қосымша практикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.
Оқу-жаттығуға Жаңақорған аудандық Жергілікті полиция, аудандық жедел-жәрдем бригадасы, аудандық электр тарату торабының қызметкерлері қатыстырылды.
Оқу-жаттығу барысында орта мектептің 15 қызметкеріне төтенше жағдайлар кезіндегі атқаруы тиісті іс-шаралар, зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсету ережесі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, «Білім нысандарындағы қауіпсіздік», «Төтенше жағдайлардың алдын алайық» тақырыбында үнпарақтар таратылды.