АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАН ТАПСЫРДЫ
Қан-өмірдің мәні. Қазіргі таңда облыс көлемінде әсіресе балалар мен әйелдер арасында қан аздық дерті өсуде. Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының салдарынан алған түрлі жарақаттарда, күрделі операциялар кезінде қан жетіспеушілігі сезіледі.
Өкінішке орай кейде дәрігерлер мұндай жағдайларда құюға қажетті қан тобын таба алмай, дертке қарсы тұруда дәрменсіздік танытады.
Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы тек қажет қанды дайындап қойып, қорда ұстау. Қан қажеттілігін өтеу мақсатында Жаңақорған ауданының орталық ауруханасы «Бір тамшы қан» атты акция ұйымдастырды.
Төтенше жағдайларда қажетті қан беру үшін Жаңақорған ауданының Азаматтық қорғау гарнизонының қызметкерлері қан тапсырды.
Жаңақорған ауданы
Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері
азаматтық қорғау лейтенанты Н.Нысанбаев