«ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ» АҚ-ның ЗАҢСЫЗДЫҚТАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Оның айтуынша, осыған дейін монополияға қарсы орган «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға қатысты тексеру жүргізді. Оған себеп - тұтынушылардың көгілдір отын төлемінің коэффициенттерін негізсіз есептеген, тұтынушылармен жасалған келiсiмдерге өздерінің үстем жағдайын пайдалану болып табылады. Сот талқылаулары 5 айға созылды. Нәтижесінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мекемеге салынған әкімшілік айыппұл сомасы шамамен 13,4 млн. теңгені құрады, ол бюджетке толықтай төленді. 2 млн.-ға жуық тұтынушыларға қайтарылуы тиіс сома 268 млн. теңгені құрайды.
Осылайша, заңсыз есептелген барлық тұтынушыларға ақшалай қаражатты қайтару жүзеге асырылатын болады. Дегенмен, мұндай заңсыздық Қызылорда облысында орын алмаған.