МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДА ЗАҢДЫЛЫҚТЫ САҚТАУ ҚАЖЕТ

Дискуссиялық алаңның мақсаты мемлекеттік сатып алу саласындағы Заң талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және мемлекеттік сатып алу барысында сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу.
Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Б. Ізкенов қазіргі кезде көп жағдайда мемлекеттік сатып алуды рәсімдеу барысында көптеген кемшіліктер кетіп жатқандықтан, мемлекеттік сатып алу барысында кездесетін мәселелерді ортаға салуды сұрады.
Облыс бойынша мемлекеттік ішкі аудит департаментінің бас маманы Қ. Қамзеев жалпы мемлекеттік сатып алу барысында кездесетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, яғни кемшіліктері жайлы әңгімелеп берді.
Одан әрі, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім басшысы
А. Қуандық мемлекеттік сатып алу барысындағы Заң талаптарына енгізілген өзгерістер жайлы және осы салада көп кемшіліктерге бойы алдыру себептерін атап өтті.
Дискуссия барысында қатысушылар мен баяндамашылар арасында мемлекеттік сатып алу барысында Заңға енгізілген өзгерістер мен оны оңтайландыру мәселелері қызу талқыланды.

