ДЕПУТАТ Н.ЖҰМАДІЛДАЕВА БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Сырдария ауданына іс-сапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.В.Жұмаділдаева аудандық партия филиалының мәжіліс залында білім саласының қызметкерлерімен кездесті.Кездесу барысында Н.В.Жұмаділдаева ҚР Парламенті Мәжілісінің қабырғасында жасалып жатқан жұмыстармен таныстырып, Елбасының "Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру" атты мақаласының басым бағыттарын түсіндірді.
Сонымен қатар, білім саласына қатысты жасалған реформалар туралы ұстаздар қауымына жеткізді.
Кездесу соңында қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.



















