МАШБЕК АУЫЛЫНДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

Ел чемпионатына Астана, Алматы қалалары мен облыстардан 16 команда, 200-ге жуық спортшылар 8 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.
25 тамыз күні қазақ күресінен «Түйе палуандар» арасында халықаралық турнир өтеді. Оған Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстаннан палуандар бақ сынасады. Сондай-ақ, жастар арасында да «Түйе палуандар» сайысы ұйымдастырылмақ.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медаль, грамота, кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
24 тамыз сағат 10.00-де Қазақстан чемпионаты басталса, сағат 13.00-де салтанатты ашылуы өтеді. 25 тамыз сағат 10.00-де қазақ күресінен халықаралық турнир өтеді.