6812 ПЕДАГОГ БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ КУРСЫНАН ӨТЕДІ

Облыс бойынша педагогикалық кадрлар саны – 20409, оның жоғары білімдісі - 18777, арнаулы орта білімдісі -1632. 2016-2017 оқу жылында жоғарғы және бірінші санатты мұғалім саны 9131 болып, 46,3 % жетті.
Облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаевтың айтуынша осы жылы облыс бойынша біліктілік арттыру курстарынан жобамен 6812 педагог қызметкерлерді оқыту жоспарланған. 2017 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында 5099 педагог біліктілігін арттырды.