«ЕРТІС» «ҚАЙСАРДЫҢ» ҚАҚПАСЫНА ДА ГОЛ СОҒА АЛМАДЫ
Кеше Павлодар қаласындағы «Орталық» стадионында «Ертіс» пен «Қайсар» командасының ойыны өтті. Ойынды тамашалауға 3500 көрермен жиналған.
Павлодардың «Ертісі» тең түсуден Қазақстан премьер-лигасында алға шықты. Биыл тоғызыншы рет “итжығыс” түсіп отыр. «Қайсар» болса, биылғы маусымдағы ең аз гол соққан – команда. Қазақстан премьер-лигасында осы көрсеткіш жағынан көш соңында қалып тұр. 24 ойында 18 гол ғана соқты.
Кешегі ойынға оралайық. «Ертістің» бір ойыншысы алаңнан қуылып (71-минутта), кем құрамда қалғанда да, доп соғудың қисынын келтіре алмады. Ертіс жағасындағы ойын осылай “қақпасыз” өткендей болды. «Қайсар» үшін әрбір ұпай маңызды. Әрі түзде тең түсіп отырды. Ал «Ертіс» өз алаңында екі ұпай жоғалтып отыр. Енді үшінші орындағы «Ордабасыны» қуып жету мүмкін емес те сияқты.
«Ертіс» – «Қайсар» – 0:0
Ойында Алиев, 21. Әмірсейітов, 25. Курьор, 31. Байжанов, 31. Стаменкович, 57. Коробкин, 71, Граф 90+1 сынды ойыншыларға ескерту берілді. Стаменкович 71 екінші ескертуден кейін алаңнан қуылды.
«Ертіс» командасының ойыншылары: Лория (к), Есімов, Стаменкович, Кислицын, Живкович, Родриго, Алиев (Калинин, 63; Дәуітов, 76), Дарабаев, Фонсека, Фофана (Огиря, 63), Бугаев.
Қосалқы құрам: Калмыков, Попов, Смайылов, Түлиев, Гетериев, Шабалин.
Қызылордалық «Қайсар» командасының ойыншылары: Исламқұлов, Әмірсейітов, Граф, Ламанж, Чуреев, Коробкин, Камара, Курьор, Аржанов (Бойович, 67), Байжанов (к) (Сақалбаев, 83), Джа Джедже (Жаңғылышбай, 90+3).
Қосалқы құрам: Григоренко, Алтынбеков, Мулдаров, Нарзілдаев, Балтаев, Омаров.
Төрешілер: Атажанов (Шымкент), Лабашов (Атырау), Гусев (Көкшетау).