Ә.ҚАЛЫМБЕТОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Қызылордадағы «Локомотив» стадионында Қызылорда облысының шеберлер командасының ойыншысы Әбіл Қалымбетовты еске алуға арналған 2006 жылдары туылған жасөспірімдер арасында футболдан республикалық турнир аяқталды.
Әбіл Қалымбетов бар ғұмырын Сыр футболына арнаған спортшы ретінде белгілі. Алаңға ойыншы ретінде шыққан 21 жыл ішінде ұзақ уақыт жергілікті команданың капитаны болды. Алты жүз сексен үш ресми матчқа қатысып, 24 голдың авторы атанды. Ойыншы ретінде карьерасын аяқтаған соң команда басшысы, бас жаттықтырушы, «Қайсар» ФК спорттық директоры қызметтерін атқарды. Төреші-инспектор ретінде ел чемпионаттарындағы ойындарға қазылық етті.
Биыл бесінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 8 команда қатысты.
Нәтижесінде 1-орын "Қайсар" ФО бұйырды. 2-орын Шымкент қаласының командасы жеңіп алса, Тараз қаласының командасы 3-орынға табан тіреді.
Жарыс қорытындысы бойынша бес номинациямен үздік футболшылар марапатталды. "Үздік қорғаушы" - Тимур Ілиясов (Тараз), "Үздік жартылай қорғаушы" - Нұрдаулет Түзелбек (Шымкент), "Үздік шабуылшы" - Сержан Батырбек (Қызылорда), "Үздік қақпашы" - Бексұлтан Жақсылықұлы (Қайсар ФО), "Үздік ойыншы" - Дінмұхаммед Рүстемұлы (Қайсар ФО).
Жеңімпаз және жүлдегер командаларға диплом, кубок және бағалы сыйлықтар табысталды.