ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Оқиға орнына жедел түрде ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ-ң бес қызметкері шықты. Құтқарушылардың үйлесімді және жедел іс-қимылының арқасында, гидравликалық құрылғының көмегімен автокөліктің есіктерін ашып, зардап шеккендерді шығарып, оларды сол орынға келген жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Автокөлікте Мәскеу қаласынан Бішкек қаласына жол жүріп бара жатқан Қырғызстан Республикасының азаматтары болған.
Құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде құтқарушылардың басты міндеттерінің бірі зардап шеккендердің арасында үрей туындауына жол бермеу, әрине бұл жағдайда автокөліктен шығарудың қауіпсіз жолдарын тауып, оларды құтқару болды.


