ЖЕРДЕН ТАПҚАН НӘСІБІН
Қазалы ауданы Майдакөл ауылындағы 70 гектарға созылған бау-бақшада қауын, қарбыз, қызанақ, қияр, жуа, сәбіз, жүгері деген секілді күнделікті тұтынатын көкөністің барлығын кездестіресің.
Төртінші жыл осы іспен айналысып жүрген кәсіпкер Әсет Дүзбаев әкімдік тарапынан өнімді өткізу бойынша қолдау болатындығын естіп, биыл егіс көлемін ұлғайтқан. Өзі 20 адам біріккен «Майдакөл» кооперативіне төрағалық етеді. 70 га жердің 50 гектарына қауын-қарбыз түрлерін, қалған 20 гектарына көкөністер еккен.
Оның ішінде аскөкті (укропты) өсіріп, дайын түрде қаптамалап сату мақсатында цех ашуды жоспарлап отыр және алдағы уақытта жылыжай салуға да жұмыс жасауда.
«Сәлем, ауыл» жобасы аясында бақша басына барған жастар қауын қарбыздан дәм татып, қауыннан жасалатын қауынғақ өнімінің қалай жасалатынын өз көздерімен көріп, өздері де жасау тихнологиясымен тәжірбие алмастты.