ҚАЗАЛЫДА "СӘЛЕМ, АУЫЛ" ЖАҢА ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімінің қоладауымен «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырып, ерікті жастардың қатысуымен 2017 жылдың 17 тамыз күні, жаңа жоба «Сәлем, ауыл» бағдарламасы іске қосылды.
Жобаның мақсаты: Шалғай бетте орналасқан ауылдардың бір күндік өмірімен жастарды таныстыру, жастар мен ауыл мәртебиесін асқақтата отырып жергілікті телеарналар мен әлеуметтік желі арқылы, халыққа ұсыну. Сонымен қатар, ауданымыздың оң имеджін қалыптастыруда ақпараттар ұсынып, ауылдың әсем, келбетті аймақтарын насихаттау. Өнерлі жастар мен көшбасшы жастардың қәбілетін шыңдай отырып, жастар арасында достықтың алтын көпірін қалыптастыру.
Сонымен сапардың басы, Қазалы ауданына қарасты Майдакөл ауылынан басталды.
Аңшы иттер ұстап, саятшылықты кәсіп еткен ауыл тұрғыны Шудабай мырзаның қорасында жануар атаулының барлығы бар екен. Төрт түлікке бай ағамыз, жастарды атқа мінгізіп, қой қырқу үрдісін қоса үйретіп, келіндеріне бағдарламаға қатысушы қыздарға күбіні қалай пісіп, майды қалай алу керектігінен хабардар етуді тапсырып, үйретулерін бұйырған ағамыздың от басы берекелі екен. Тіл дәм үйіретін бақша қарбызынан дастархан жайған ағамыз ақ бақ батасын беріп бағдарламаға сәттілік тіледі. Бұрын соңды атқа мініп, қой қырқып,күбі пісіп, тазы иттің не екенінен бей хабар аудан жастары, Шудабай көкемізге өз алғыстарын білдіріп, қимай қоштасты.