ТӨРТ ТҮЛІКТЕ ӨСІМ БАР

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша да бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылған «Сыбаға» бағдарламасы арқылы жыл көлемінде аудан бойынша 125 бас сиыр, 9 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу көзделсе, есепті жылдың жеті айлық қорытындысына сәйкес 347 бас сиыр, 21 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынған. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 125 бас аналық қой, 5 бас қошқар сатып алу жоспарланса, есепті мерзімде 288 бас қой, 64 қошқар алынған. Ал, «Құлан» бағдарламасы бойынша шаруашылықтармен келісімдер жасалып, жыл аяғына дейін 62 бас бие, 5 бас айғыр алу жоспарланған.
Айта кету керек, бүгінде аудан бойынша 13 қолдан ұрықтандыру пунктері жұмыс жасап тұр. Бұл пунктер Қызылорда қаласындағы «Асыл Тұқым» ЖШС мен келісім шарт негізінде жұмыс жасап жатыр. Егер ауылдағы ағайын қорасындағы малын асылдандыруды көздесе, осындай пунктермен байланысса болады екен.
Бағдарламалар бойынша белгіленген межені бағындырып, мал басын көбейту жұмыстары екі есе қарқынды жүргізіліп жатқанын байқаймыз.