АУЫЛҒА АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ТАРТЫЛУДА
Су-тіршілік көзі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2005 жылы Арал ауданына келген сапарында қала тұрғындары таза ауыз сумен қамтылып, әрбір шаңыраққа шүмекпен су тартылуына мүмкіндік жасалған еді. Бүгінгі таңда осы бір игі іс «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында аудандағы бірқатар елді мекендерде де өз жалғасын тауып, жергілікті жұртшылық маңызды жобаның игілігін көру үстінде.
Облыс әкімінің қолдауымен жүзеге асқан Арал ауданының экономикасын дамытудың 2017-2019 жылдарға арналған «Жол картасы» негізінде Шижаға ауылына жаңадан ауыз су жүйесін тарту жұмыстары қолға алынды. Жуырда аудан әкімі Мұхтар Оразбаев маңызды бастаманың алғашқы жұмыстарына куә болып, іс басындағы бас мердігер МПК «Тұран»жауапкершілігі шектеулі серіктесігіне табыс тіледі.
Көптен күткен жағымды жаңалықты естіген шижағалықтардың қуанышында шек жоқ. Мердігер құрылым жүктелген жұмысты уақытылы әрі сапалы орындауға кірісіп кеткен. Ауыл бойынша барлығы 43, 5 магистралды желі тартылып, 2286 тұрғыны бар іргелі округ орталығы халқына көп ұзамай таза су пайдалануға беріледі деп күтілуде.