МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА ЖЕМІСІН БЕРУДЕ
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында ауданда өндіріс көлемі мен экспортты арттыру, жаппай нәтижелі жұмыспен қамту бағытына басымдық беріліп, ауқымды жұмыстар басталып кетіпті. Қазір мемлекет кооперативтерге біріккен майда шаруашылықтарға қаржылай кең қолдау көмектер көрсетудің тетігін іске қосты. Аз мөлшерлі пайызбен, ұзақ мерзімге жеңілдетілген несиелер беруде. Аудандық ауыл шаруашылығының мәліметіне сәйкес бүгінгі таңда Шиелі ауданындағы 170 майда қожалықтар мен 227 дара кәсіпкерлердің бірігуімен 26 ауылшаруашылығы кооперативі құрылған. Оның ішінде 4 кооператив егін шаруашылығы бағытында, 3 кооператив мал шаруашылығы, 18 кооператив аралас бағытта және 1 кооператив сүт өңдеу бағытында жұмыс жасап жатыр. «Шиелі төрт-түлігі» кооперативі ауыл шаруашылығын қаржылай қол¬дау қорынан 61 млн. теңге, «Шиелі Ырыс» кооперативі 230 млн. теңгеге дейін жеңілдетілген несие алып, сүт бағытын¬дағы мүйізді ірі қара малын 1000 басқа жеткізіп жұмыс жасап жатыр.