МҰХТАР ОРАЗБАЕВ, АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: АРАЛДА АУҚЫМДЫ ІСТЕР АТҚАРЫЛУДА
– Мұхтар Әуесұлы, кәсіпкерлікті қолдау, жұмыссыздықты жою мәселесі алға қойылып отыр. Осы бағытта теңіз төсіндегі болып жатқан ел қуанарлық жақсы жаңалықтан бастасаңыз.
– Жалпы, экономикалық тұрақтылықты күшейтуге бағытталған құрылымдық өзгерістердің бір тармағы – шағын және орта кәсіпкерлік. Экономиканың дамуына серпін беріп, оның салдарын оны байланыстыратын көлік пен логистика инфроқұрылымы екені белгілі. Осы бағытта аудан көлемінде өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында жеке кәсіпкерлердің «В» және «С» санатты жол маңы сервистік қызмет көрсету нысандары халыққа қызмет көрсетуде инновацияны дамытатын ең алдымен кәсіпкерлік саласы болғандықтан, өткен жылы аудан кәсіпкерлерінің қатысуымен жыл аяғына дейін ондаған семинарлар өтті. 248 адам сертификат алды. Жан-жақты қолданудың арқасында кәсіпкерлердің көптеген жобасы қолдау тапты. Кәсіпкерлердің арқасында жұмыссыздық азайып, өткен жылдың қорытындысымен 5,1% төмендеуге қол жеткізді.
«Нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды. Бағдарламаны іске асыру және жергілікті тұрғындар арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында аудан бойынша жалпы құны 2,6 млрд теңгенің 96 жобасын қамтитын шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың іс-шаралар жоспары жасалды.
Баршаңызға белгілі, бұқаралық ақпарат құралдарында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланды.Осы мақалаға сәйкес, ақпараттық насихат тобы құрылып, аудандық іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шара жоспарына байланысты түрлі бағытта шаралар ұйымдастырылды. Оның бірі – 2017 жылдың 1 шілдесінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Марлен Айнабеков, Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қордың, «Казрыбхоз» қоғамдық бірлестігінің, қоғам қайраткерлері мен аймақтың балық шаруашылығы саласының ардагерлері, Дания, Ресей елдері, Ақтөбе, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары өкілдерінің қатысуымен Арал ауданында ІІІ халықаралық балықшылар слеті өтті.
Сонымен қатар ағымдағы жылдың 5 тамыз күні Ырғыз ауданының делегациясы ауданда болып, мәдени күндерін өткізді. Аталмыш шара барысында Ырғыз делегациясы Арал ауданының бірқатар тарихи-мәдени ескерткіштерін және аудандық мұражайларды аралап, аудан тарихымен танысты.
Мәдени шара аудандық мәдениет үйінде Ырғыз ауданының көрмесін тамашалаумен және концерттік бағдарламамен жалғасты. Екі аудан арасындағы мәдени байланыс осындай шаралар негізінде нығайып келеді.
Қазіргі таңда Елбасы негізгі қаперге алып, колдау көрсетіп отырған шағын және орта бизнеспен айналысушы кәсіпкерлер саны артуда. Биылғы жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау бағыты бойынша 135,6 млн теңгенің 6 жобасы субсидияланды.Гранттық қаржыландыру бағыты бойынша 1,6 млн теңгенің 2 жобасы қайтарымсыз грантқа ие болды. Осыған сәйкес, қаржы институттары арқылы қаржыландыру жұмыстарының енді ғана басталғанына қарамастан, бүгінгі күнге 471 млн теңгенің 13 жобасы іске асырылды. Аудан көлемінде атқарылған шаралардың нәтижесінде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 3867-ге жетіп отыр. Экономиканың дамуында жетекші рөл атқаратын көлік және логистика инфрақұрылымы болып табылады. Бұл сала бойынша да атқарылған істер аз емес.
Бүгінге дейін аудан территориясынан өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойынан 2 жол сервистік нысандары қызмет көрсетуде, биылғы жылы қосымша 2 нысанның құрылысы жүргізіліп, пайдалануға беріледі. Олар – жеке кәсіпкерлер Г.Жұмағазиева мен М. Ұзақованың «С» санатты жол бойы сервистік кешендері.
– Ауылдың тыныс-тіршілігі, әл-ауқатына тоқталсаңыз?
- Ауыл шаруашылығы саласы бойынша жыл басынан бері өсім байқалады. Агроөнеркәсіп кешеніндегі жалпы өнім көлемі 1,5 млрд теңгені құрап, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,2 пайызға артты.
2017 жылдың 1 шілдесіне өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 2 пайызға, жылқы 12,9 пайызға, түйе 3,4 пайызға, уақ мал 1,2 пайызға өскен.
Халықтың басым көпшілігі мал шаруашылығымен айналысып. Ауданда қазір мемлекеттік бағдарламалар бойынша асыл тұқымды мал сатып алу жұмыстары жалғасын табуда. «Сыбаға» бағдарламасы аясында жыл басынан бері 8 шаруа қожалығына 28,4 млн теңге несие беріліп, оған 166 бас аналық сиыр мен 9 бас бұқа сатып алынған. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 3 шаруа қожалығы 2,6 млн теңге несиеге қол жеткізіп, 88 бас қой мен 5 бас асыл тұқымды қошқар сатып алған. «Құлан» бағдарламасы бойынша 2 шаруа қожалығы тиісті құжаттарын өткізіп, несиелендіру бағытындағы жұмыстармен айналысуда.
Ауыл шаруашылығы саласында мал басын көбейтумен қатар, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу ісі де қолға алынып отыр. Осы мақсатта 23 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, биылғы жылы 5 ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын өндірісті іске қосу көзделіп отыр. Атап айтар болсақ, 5 ауыл шаруашылығы ӨК жеңілдетілген несие алып, жыл аяғына дейін өндірісті іске қосатын болады: «Шижаға -16» ө.к. (сүт өңдеу ісі), «Бекбауыл-16» ө.к. (балық өңдеу ісі) ЖК Ембергенов Сакен (ет және ет өнімдерін өңдеу), «Құрақұм-16» ө.к. (ет өнімдерін өңдеу), «Ақбай» ө.к. (сүт өнімдерін өңдеу).
Биыл ауданда егіс көлемі 2,3 есеге артып, барлығы 618 гектар жерге егін егілді. Оның ішінде, Ақбай алқабындағы инженерлік жүйеге келтірілген жерлерді игеру мақсатында 400 гектар жерге күнбағыс, 62 гектарға жоңышқа егілді.
Соңғы жылдары ауданымызда балық шаруашылығы жедел дамып, аймақ экономикасының негізгі бөлігіне айналып келеді. Аудан бойынша биылғы жылға балық аулау лимиті – 7332 тонна. Жарты жылдың қорытындысымен аудан бойынша 1532 тонна балық өңделді.
– Арал ауданына қарасты алыс ауылдарда әдемі нысандар жиі бой көтеріп жатқанын көруге болады. Теңіз төсінде қандай құрылыстар жүргізілуде?
– Өткен жылдың соңына қарай ауданымызға қарасты бірнеше елді мекендердегі апатты жағдайда деп танылған мектеп ғимараттарының құрылыстары қолға алынған болатын. Бүгінде Санақ ауылдық округінде жаңа мектеп ғимараты бой көтерді. Заман талабына үндесетін мектеп пен балабақша ғимаратының құрылысы бүгінде даму үстінде. Қазіргі таңда ауданда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жыл басынан бері ауданда 9964 шаршы метр құрайтын 86 тұрғын үй пайдалануға берілді.
Облыс әкімінің қолдауымен Биыл жалпы саны 14 нысанның құрылысына 3,3 млрд теңге қаржы қаралып отыр. Үстіміздегі жылы ауданда 7 мектептің құрылысы жүріп, аудандағы апаттық жағдайдағы мектептер мәселесі түбегейлі шешімін табады.
Сондай-ақ 150 орындық аудандық орталық аурухананың, 2 коммуналдық арендалық тұрғын үйдің, Сексеуіл кентінде спорттық сауықтыру кешені мен учаскелік полиция бөлімшесінің, 3 спорт алаңының құрылыс нысандары бой көтеруде.
Биылғы жылы «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында Арал қаласында бір пәтерлі 2 коммуналдық арендалық тұрғын үй салынып, «2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2 кондоминимум нысаны күрделі жөндеуден өтеді. Күрделі жөндеу жұмыстары қаланың Судоверфь көшесіндегі № 22 және Қарасақал Ерімбет көшесіндегі №11 тұрғынүйлерде жүргізілетін болады.
Ауданның өзекті мәселелерінің бірі елдімекендер мен қала арасындағы автокөлік жолы болатын. Аймақ басшысының қолдауымен облыстық, аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылып, бұл мәселе де ауданда ақырындап шешімін тауып келеді.
Жол мәселесіне байланысты биыл аудан көлемінде 18 жобаны іске асыруға 1,4 млрд теңге қаржы қаралған. Оның ішінде аудандық маңызы бар Сазды, Райым-Водокачка елдімекендеріне кіре беріс автокөлік жолдарын жаңадан салу, «Арал – Әуежай – Жалаңаш» автокөлік жолын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
2016 жылы басталған Қызылжар елдімекеніне кіре беріс автокөлік жолын күрделі жөндеу жұмыстарының ІІ кезеңі де биыл іске асырылады.
Сонымен қатар аудандық маңызы бар «Самара – Шымкент –Қамыстыбас – Аманөткел – Бөген» автокөлік жолының 11 шақырымы орташа жөндеуден өткізілуде.
Жолдарды жөндеу жұмыстары Арал қаласы көшелерінде де қарқынды жүргізілуде. Орталықтағы негізгі даңғылы саналатын Бақтыбай батыр көшесінің автокөлік жолдары кеңейтілді.
Қаланың көптен бері жөндеу көрмеген, халықтың жолға байланысты орынды сынына ұшырап жүрген Баймұратов, Сарсенбаев, Сапақ би, Космонавтар, Терешкова көшелеріндегі автожолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аудан бюджетінің көлемі 12 млрд тенгеден асып жығылады. Соның қомақты бөлігі, яғни, 7 млрд теңгеден астам қаржы білім саласын дамытуға жұмсалуда. Саралап қарасақ, аудан бойынша саланың қарыштап дамуына барынша жағдай жасалып жатыр. Бұл бағытқа салынып жатқан қаржы – болашаққа салынған, қайтарымы мол инвестиция десек артық айтқандық емес.
Соның айғағы ретінде, жақында ғана аймақ басшысының қолдауымен облыстық бюджеттен 39 млн теңге аудан мектептерінің 2, 5 және 7 сынып оқушыларына оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерімен қамтамасыз етуге бөлінсе, дәл осындай қаржылай қолдау аталған сыныптарға аудан тарапынан да жасалынып, 19 млн теңге қаржы қаралды.
Сонымен қатар аудан бюджетінен ағымдағы жылы Жалаңаш елді мекеніндегі №58 орта мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 9,7 млн теңге, ҰБТ-ң жаңа форматына әзірлік жұмыстарын жүргізу үшін аудан бойынша қатысатын мектеп бітірушілерді әзірлеуге 10,2 млн теңге қаржы бөлінді.
Биылғы жылы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан мектептерін мүмкіндігінше бейне бақылау камераларымен жабдықтауға көңіл бөлінуде. Осыған байланысты аудандық бюджеттен 8 млн теңге қаржы қарастырылып, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ білім беру саласы бойынша биылға Арал қаласындағы 300 орындық №14 мектептің құрылысын бастауға, 20 орындық балабақша мен 50 орындық «Көктем», «Үкілісай», «Ерімбетжаға», «Аққұлақ», «Ескіұра», «Құланды» елді мекендеріндегі жаңа мектептерді пайдалануға беруге және Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектеп құрылысының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге барлығы 1877,9 млн теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда аталған нысандардан 3 мектеп пайдалануға беріліп, қалған мектептердің құрылыстары жаңа оқу жылына дейін аяқталады.
«Балапан» бағдарламасы аясында 3-6 жас аралығындағы жалпы саны 4556 бала балабақшамен толық қамтылып отыр.
Аудан бойынша жалпы орта білім беру ұйымдарынан 746 түлек оқу бітірді. Олардың 50 пайызы (375 бала) ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, орташа балл көрсеткіші 82,76 болды. Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысымен ауданымыз Қызылорда қаласы мен аудандардың бөлінісінде ІІІ орынға ие болып, 39 «Алтын белгі», 9 «Үздік аттестат» иегерлері анықталды.
«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша 14 жас маманға 2,2 млн теңге көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы берілді. Сонымен қатар 1 жас маманға тұрғынүй сатып алуға 3,4 млн теңге қаржылай көмек көрсетілді.
Есепті мерзімде аудан бюджетінің нақтыланған жалпы түсімдері 6 млрд. 571 млн теңгеге орындалды. Оның ішінде: жергілікті кірістер болжамының орындалуы 104,1 пайызға жетіп, 1 млрд теңгені құрады. Аудан бюджетінің шығыстары 99,1 пайызға орындалды.
Аудан көлемінде өнеркәсіп саласында оң динамика сақталып отыр. Жыл басынан бері өнеркәсіп орындары 4,2 млрд теңгенің өнімдерін өндіріп, салыстырмалы уақытта нақты көлем индексі 108,7 пайызды құрады. Оның ішінде кен өндіру 2 есеге артып, өңдеу өнеркәсібі 104,6 пайызға өсіп отыр.
Жыл басынан бері аудан бойынша барлығы 182,9 мың тонна тұз қазылып, оның ішінде 101 мың тонна йодталған тұз, 1,5 мың тонна балық, 75 тонна ет, 304 тонна нан және нан өнімдері, 41,4 мың текше метр кварц топырағы өндірілді.
Индустрияландыру шаралары аясында ауданда «Жаңа Арал» ЖШС 131,5 млн теңгенің «Қаптама кірпіш өндіру» жобасы мен «Аралқұрылысы» ЖШС «Асфальт-бетон зауыты» жобасын іске асыруда.
Сонымен қатар құны 3,4 млрд теңгені құрайтын «Жак Нур» ЖШС-ның «Титан өндіру бойынша кен байыту комбинатының құрылысы» жобасы бойынша инвесторлармен тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта «ҚЭТТК» акционерлік қоғамына қарасты Арал аудандық электр торабының 2017 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес Қаратерең, Қарашалаң, Бөген бағытындағы тозығы жеткен әуе желілерінің 47 дана ағаш бөренелері темір-бетон бөренелерге ауыстырылып, Қаратерең елді мекеніне 1 дана жаңа трансформатор орнатылды. Жөндеу барысында электр желілері бойындағы электр сымдарын ішінара ауыстыру, сымдарын керіп тарту, темір-конструкциялық элементтерін ауыстыру жұмыстары жүзеге асырылады.
Энергетика саласына биылға 261,8 млн теңге қаржы қаралды. Оның ішінде 188,6 млн теңгеге Арал қаласындағы №1 мөлтек ауданының электрмен жабдықтау жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аудан бойынша кент және ауылдық округтердегі 13 елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға 36,3 млн теңге қаржы бөлінді.
Еліміздің бірқатар аудандарында қиындық тудырып келе жатқан ауыз су мәселесіне орай ауданда бірқатар жұмыстар атқарылуда биылғы маңызды жетістік – Конту, Бөген, Қамыстыбас, Аралқұм, Шижаға, Аманөткел елдімекендерінің сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарының жүргізілуі болып отыр. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 1,7 млрд теңге қаржы бөлінді, қазіргі таңда барлық нысандар бойынша мердігерлер анықталып, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін дайындық шаралары басталды.
Биыл 2016 жылдың күзінде басталған жоба-сметалық құны 1,5 млрд теңге тұратын Сексеуіл кентінің ішкі су жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталады.
Арал қаласының №2 және №4 ықшам аудандарына ауыз су құбырларын жүргізу мақсатында 2017 жылға аудандық бюджеттен бөлінген 19 млн теңгеге жасалған мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамалар, облыстық құрылыс басқармасы арқылы Инвестиция және даму министрлігіне тапсырылып отыр.
Сондай-ақ Халықаралық Аралды құтқару қоры арқылы шалғай елдімекендерді су таситын автокөліктермен қамту шаралары аясында Бөген ауылдық округіне бір автокөлік алынып берілді.
Жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту шаралары арқылы ауданда есепті мерзімде ресми жұмыссыздық деңгейі 1,4 пайызға тұрақтап, аудандағы жалпы жұмыссыздық деңгейі соңғы 4-5 жылмен салыстырғанда 5,1 пайызға төмендеді. Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан 1931 адамның 880-і тұрақты жұмысқа орналастырылып, ақылы қоғамдық негіздегі жұмыстарға 631 адам жіберілді. Жалпы, аудан бойынша бүгінгі күнге 657 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Жыл басынан бері 33 мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыссыз ретінде тіркеліп, оның 19-ы тұрақты жұмысқа, 3-уі жастар тәжірибесіне, 15-і қоғамдық жұмыстарға, 3-уі әлеуметтік жұмысқа орналастырылып, 3-і кәсіптік оқуға жіберілді.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» бірінші бағыты – қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бағыты бойынша республикалық бюджеттен 53,6 млн теңге қаржы қаралып, жалпы саны 150 адам түрлі мамандықтар бойынша оқытылып жаттыр.
Аталған бағдарламаның екінші бағыты – жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша 320 адам несие алуға кезекке тіркелді. «Бизнес Бастау» жобасы аясында 3 ауысымда 94 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, олардың арасынан жалпы құны 261,4 млн теңгені құрайтын 19 жоба қаржыландыруға ұсынылды.
Бағдарламаның үшінші бағыты – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 19,3 млн теңге қаржы қаралып, 88 адам жіберілді, оның 7-і тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Жастар тәжірибесіне 34 млн теңге қаржы қаралып, 111 адамға жолдама беріліп, оның 11-і тұрақты жұмыспен қамтылды.
Қоғамдық жұмыстарға 49,8 млн теңге қаржы қаралып, 631 адам жолдама берілсе, оның 17-і тұрақты жұмысқа қабылданып отыр.
Денсаулық саласындағы басты талап – медициналық қызметтің қолжетімділігі мен оның сапасын қамтамасыз ету. Өздеріңіз білесіздер, қазір денсаулық сақтау саласында бірқатар реформалар жүргізіліп жатыр, атап айтқанда елімізде міндетті медициналық сақтандыру шараларына байланысты жұмыстар кеңінен жүруде.
Медициналық қызметтің сапасын жақсарту бағытында биылғы жылы біздің де жетістігіміз жоқ емес, бірнеше арнайы медициналық құрал-жабдықтарға қол жеткіздік. Оның ішінде ең маңыздысы – ол ВВNURA гемодиализ орталығының ашылуы болды. Қазіргі таңда, шипа іздеген жерлестеріміз алысқа ұзамай, осы орталықтан тиісті емін алып жатыр.
Спорт саласында жағымды жаңалықтар жетерлік. Жыл басынан бері Қазақстан Республикасының әртүрлі чемпионаттары мен біріншіліктерінде аудан спортшылары жалпы саны 13 медальға, яғни, 5 күміс пен 8 қола медальдарға ие болды. Сонымен қатар есепті кезеңде 93 спорттық іс-шаралар өткізіліп, ауданда спортпен шұғылданушылар саны халықтың 26,3 пайызын құрады.
Биылғы жылы спорт саласында бірнеше нысанның құрылысы салынбақ. Атап айтсақ, Сексеуіл кентінде спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды, Арал қаласында, Сексеуіл кентінде және Сазды елдімекенінде ашық спорт алаңдары пайдалануға беріледі.
Аудандық мәдениет үйі мен мәдениет мекемелері арқылы жыл басынан бері 1151 мәдени іс-шаралар өткізіліп, оған 158 мыңдай көрермендер қамтылған.
Қоғамдық саяси шаралар тізбесіне енген республикалық, облыстық деңгейдегі бірқатар шаралар өтті. Атап айтқанда, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық артисі Құдайберген Сұлтанбаевтың 70 жылдығына орай Алматы қаласында еске алу кеші өтті. Танымал жерлесімізді мәңгілік есте қалдыру мақсатында аудандық маслихаттың және аудан әкімдігінің біріккен шешімімен Арал қаласындағы Кіші Арал көшесіне оның есімі берілді.
Ақын, Мәдениет қайраткері Мырзан Сахиұлы Кенжебайдың 70 жылдық мерейтойы аясында «Өнермен өрнектелген өмір жолы» атты шығармашылық кеш Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде өткізілді. Сонымен қатар алдағы күз айларында ақын, жазушы Зейнолла Шүкіровтың 90 жылдық мерейтойын және Нұртуған Кенжеғұлұлының 130 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өту жоспарлануда.
Ұлыстың ұлы күні «Ұлы Наурыз – қасиетті күн көктем» мәдени-көпшілік шара аясында театрланған қойылым ұйымдастырылды.
Биыл сәуір айында Ырғыз ауданында Арал аудандық мұражайының «Өнер мен дәулет қонған жер» атты көрмесі өтті. Апталық шара аудандық мәдениет орталығы өнерпаздарының «Аралым – айдын шалқарым» атты концертімен қорытындыланды.
Арал өңірі балықшыларының ІІІ слеті жоғары деңгейде өтті. Слеттің бірінші күні кешкілік мерекелік концерт қойылып, негізгі салтанатты шара театрландырылған көрініспен ашылды.
Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, мәдениет қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Арал ауданының Құрметті азаматы, Сыдықовтар отбасылық ансамблінің көркемдік жетекшісі, ақын-жырау, композитор, сценарист М.Сыдықовтың облыс әкімі Қ.Көшербаевтың тікелей қолдауымен биылғы жылы да шығармашылық жинақтары жарық көрді.
Атап айтқанда, І кітабы «Жырлайды Арал перзенті» атты таңдамалы энциклопедиясы 1000 дана, ІІ кітабы «Жыр мәйегі – мақам» атты 1000 дана баспадан шығарылды. Осы кітаптың аясында 3 аудио (ән, күй, жыр) дискілер жинағы шығуда. Бұл өнердегі үлгі тұтар тұлғаның Арал мәдениетін өркендету мен өсуіне қосқан үлесі мол.
Осы уақытқа дейінгі мәдениетке арнаған еңбегінің жемісі бағаланып, ағымдағы жылдың қараша айында облыстық деңгейде шығармашылық кешін өткізу жоспарлануда.
– Мұхтар Әуесұлы, Аралдан тайдай тулаған балығымен қатар, ас тұзы да шығып жатқаны белгілі. Осы ауданға инвеститция тарту, өнімді өңдеу, кәсіпкерлік саласында қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?
– Аудан көлемінде ауқымы кең жұмыстар жүріп жатыр. Тың жобалар да жүзеге асырылып келеді. Ауданға 1057,8 млн теңге инвеститция тартылып, нақты көлем инвеститциясы 80,9 пайызды құрады. Осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысымен 2041 млн теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Бұл негізінен тұз және таза натрий хлоридінің өндірілуіне байланысты болды. Соңғы жылдары Арал ауданына сүттен инвестор тарту жүзеге асуды. Өткен жыл БҰҰ «Даму» бағдарламасы аясында аудандағы үш каналдық техникалық құжаттары жасалды. Қосымша төрт каналдық құжаттары әзірленді.
– Әңгімеңізге рақмет.
Сұхбаттасқан Миуа БАЙНАЗАРОВА