ҚАУІПТІ АЙМАҚ
Қызылорда облысындағы Сырдария өзеніндегі суға шомылу маусымы әлі жабылған жоқ. Өңір тұрғындары өздерінің бос уақыттарын облыстың жағалау аймақтарында өткізуге тырысады және суға шомылуға тыйым салынған жерлерді жиі таңдайды.
Қызылорда облысы азаматтық қорғау қызметкерлері демалыс күндерге қарамастан, күн сайын өзен жағасында рейдтер жүргізеді. Рейд жүргізу барысында, өкінішке орай, құтқарушылар үлкендердің қарауынсыз қалған балаларды жиі кездестіреді. Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметі қызметкерлері өткен демалыс күндерінде шомылуға арналмаған жерде жеті жасөспірімнің шомылғандығын анықтады. Оқушыларға түсіндірме әңгімелесуде суда қауіпсіздік ережелері сақталмаса, демалыс қайғылы жағдайға әкеліп соғуы мүмкін екендігі айтылды.
Қызылордалық құтқарушылар тыйым салынған жерлерде шомылуға рұқсат етілмейтіндігі туралы ескертеді, өйткені Сырдария өзені көптеген қауіптілікті жасырады. Құтқару орындарының, қалқыма белгілердің жоқтығы, тазаланбаған судың түбі, жағалық зонаның жанындағы қоқыс – осының барлығы тек қана демалыстың көңіл қошын түсіріп қана қоймайды, сонымен қатар оны қайғылы жағдайдың зардаптарына әкелуге мүмкіндігі бар. Сондай-ақ қатал құтқарушылар қадағалауының қасында болмауы өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін, өйткені қауіпті жағдайда ешкім кәсіби көмек көрсете алмайды, ал қоқыстың болуы – қарапайым, бірақ өте жағымсыз зардапқа соқтыруы мүмкін.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Судың қауіпсіздік ережелерін ұмытпаңыз және қатал түрде ұстаныңыз- өз өміріңізді қорғаңыз.