ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ШАҢДЫ ДАУЫЛ БОЛАДЫ
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша, 20-22 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с, 22 тамызда екпіні 25 м/с жел, шаңды дауыл сақталады.Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы



















