МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ-БАЛАЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ
Қызылорда облысы бойынша «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету!» ұранымен 1 тамыздан басталды.
Бүгінгі күні Қызылорда қаласы мен аудандар бойынша бюджеттен тыс қаржы көздері есебінен 520 балаға көмек көрсетіліп отыр.
«Мектепке жол» акциясы бойынша қазіргі таңда білім беру мекемелерінен – 98, ішкі істер органдарынан – 74, халықты әлеуметтік қорғау саласы өкілдерінен – 49, ҮЕҰ өкілдерінен - 6, ата-аналар қауымынан -221, жергілікті БАҚ өкілдерінен - 5 адам қатысып, 171 рейдтік іс-шара жүргізілді.