ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ
Бүгін Қызылорда қаласы «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК аумағында «ҚЖЭО» МКК жылу жүйесінде аварияның зардаптарын жою жөніндегі АҚҚ қызметтерінің, авариялық-құтқару құрамаларының, ТЖК-ның арнайы-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.
Оқу-жаттығудың мақсаты:
1. Жылу жүйесінде авария болған жағдайда халықтың, авариялық-құтқару қызметтерінің, басқару органдарының және облыстық ТЖ комиссиясының әрекет етуге дайындығын тексеру;
2. Шұғыл басқару және жоспарлау жүйесінде барлық деңгейдегі шұғыл кезекшілердің диспетчерлік қызметі және болжау жұмысын ұйымдастырылуын тексеру;
3. Атқарушы органдардың техногендік авария жағдайындағы әрекетінің, халықты нақты тіршілікпен қамтамасыз ету бойынша, тіршілікпен қаматамасыз ету нысандарының тұрақтылығын жоғарылатылуының дайындығын бағалау;
4. Газ жарылысы болғанда немесе болуы мүмкін жағдайда байланыс және құлақтандыру жүйесінің жұмысқа дайындығын тексеру;
5. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты әрекет ету қағидасына оқыту және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру болды.
Оқу-жаттығу басшысы – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары – облыстық ТЖК төрағасының орынбасары С.Сүлейменов.
Оқу-жаттығу басшысының орынбасары – Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі А.Төлешев.
Оған блыстық ТЖК; «ҚЖЭО» МКК жылу жүйесіндегі авариялық-техникалық командасы, «КазТрансГазАймақ» АҚ ҚӨФ базасындағы газ жүйесі бойынша авариялық-техникалық тобы, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы базасындағы жедел медициналық көмек көрсету бригадасы, облыстық ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ базасындағы өртке қарсы қызметі, облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметі базасындағы қоғамдық тәртіпті сақтау тобы, ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ құтқару тобы, ҚР ІІМ ТЖК «Апат медицина орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалы қатысты.
Оқу-жаттығу жылу жүйесінде авария болған жағдайда Қызылорда облысының АҚМЖ түрлі жағдайларда жұмыс істеуі және ТЖК, АҚ қызметтерінің, АҚҚ құрамаларының қызметі бойынша сұрақтарын дәйекті түрде өңдеуімен бірге екі кезеңге бөлінеді.
Оқу-жаттығу басталғанға дейінгі жағдай:
2017 жылдың 18 тамызда сағат 16.00-де облыстық ТЖД-не «ҚЖЭО» МКК-ның кезекшісінен «ҚЖЭО» МКК-ның аумағындағы когенерациалық жылу электр стансасы жанында газ жарылысы болғаны және осы стансаның бір қабырғасы зақымданып, құлағаны туралы ақпарат түсті. Когенерациалық жылу электр стансасы жұмысы тоқтатылып, жарылыс болған орнына жақын орналасқан автокөлікте өрт оқиғасы орын алды, зардап шегушілер бар. Жылумен қамтамасыз ету жартылай тоқтатылды.
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ ҚӨФ авариялық-техникалық командасы мен Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің күш-құралдары оқиға орнына келгенге дейін төтенше жағдай аймағында «Қызылордажылуэлектр орталығы» МКК-ның авариялық-құтқару құрылымдары төтенше жағдайдың алғашқы алған бетін қайтару бойынша жұмысын жүргізді.
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ ҚӨФ авариялық-техникалық командасы жарылыс болған газ құбырынан газдың шығуын тоқтатып, жарылған газ құбырын қалпына келтіру жұмысын жүргізу барысында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің жеке құрамы автокөлікте орын алған өрт ошағын өшіруге кіріседі. Өрт ошағын өшіру барысында ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» ММ-нің құтқарушылары төтенше жағдай аймағына кіргізіліп, зардап шеккен адамдарды іздестіру құтқару жұмыстарын жүргізіп, алғашқы медициналық көмек көрсетеді.
Оқу-жаттығу орны бойынша авариялық-құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстары аяқталған соң команда басшылары штабқа жүктелген міндетті ойдағыдай орындағаны туралы баяндады.
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы