«БАРШАҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН КӘСІБИ-ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Қызылорда облысы бойынша 2016-2017 оқу жылында 31 колледжде аймақтың еңбек нарығына қажетті 97 мамандық 163 біліктілік бойынша 22428 студент білім алды.
- 2017 жылдан бастап – «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» жаңа жобасы жүзеге асырылуда. Бұл мақсатқа кәсіптік білімі бар кадрлар даярлауға 1515 орын және қысқа мерзімді курстар арқылы даярлауға 1335 орын мемлекеттік тапсырыс бөлініп, жұмыстар жүргізілуде, - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында.