«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ АКЦИЯСЫ» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Қазалы аудандық прокуратурасы «Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларға мектепке арналған қажетті заттар мен сөмкелерді табыстады.
Аудан прокуроры, әділет кеңесшісі Бақытжан Мырзабаев алдымен жиылған оқушылар мен ата-аналарды, ұстаздар қауымына алдағы жаңа оқу жылына сәттіліктер тіледі. Қазалы аудандық прокуратурасының ұжымы өз қаражаты есебінен аудандағы 5 мектептің оқушыларына оқу құралдарын сыйға тартып, балғындарға қуаныш сыйлады.
Қ.И.Сәтбаев атындағы №216 мектептің 5 сынып оқушысы Гүлсезім Өмірзақ осындай сыйлықтар тарту еткен ағаларына алғысын айтып, оқуда озат болатындығын жеткізді.
Сыйлыққа ие болған балалардың ата-аналары мен қамқоршылары шынайы алғыстарын білдірді.